Республикалық маңыздағы автожолдардың 5 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды
Бұл туралы ҚазАқпарат Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап хабарлайды.
1. Абай өңірінде «Алматы-Өскемен» тасжолының Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді;
2. Ақмола облысында Щучье-Зеренді тасжолы және Атбасар қаласы мен Қажымұқан кентінің арасы жабық.
3. Шығыс Қазақстан облысында «Алматы-Өскемен» тасжолының Абай облысының шекарасынан Қасым Қайсенов кентіне дейінгі аралығында жол қозғалысына шектеу енгізілді.
4. Қарағанды облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Жұмабек ауылынан Балқаш қаласына дейінгі аралығында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелді.
Осыған дейін Астана мен еліміздің 16 өңірінде ауа райына баланысты ескерту жарияланғанын жаздық.