Республикалық маңыздағы жолдардың 11 бөлігіндегі шектеу алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Күн райының жақсаруына байланысты 11 республикалық маңыздағы тасжол бөлігінде жол қозғалысына енгізілген шектеу алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.

Республикалық маңыздағы жолдардың 11 бөлігіндегі шектеу алынды

Қостанай облысында «Екатеринбург-Алматы» тасжолы (Сарыкөл ауылы - СҚО шекарасы арасы) және «Қостанай-Әулиекөл-Сурған» тасжолы (Әулиекөл кенті-Октябрь кенті арасы) ашық.

СҚО-да «Екатеринбург-Алматы», «Жезқазған-Петропавл», «Көкшетау-Рузаевка», «Қарасай батыр м.к кіреберіс жолы», «Булаево-Возвышенка-Молодогвардейское-Кирово-Қиялы», «Рощинское-Корнеевка-Волошинка«,»Волошинка-Сергеевка-Тимирязево«, «Тимирязева-Сарыкөл-Қостанай өңірінің шекарасы» тасжолдары ашық.

Ақмола облысында «Көкшетау-Рузаевка» тасжолы (Көкшетау қаласы- СҚО шекарасы арасы) ашық.