Республикалық маңыздағы жолдардың 2 учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 наурыз сағат 07:10 ақпаратқа сәйкес 2 облыста ауа-райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді.

Бұл туралы ҚазАқпарат Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық оператордың мәліметтеріне қарағанда, Ақтөбе облысында «Самара-Шымкент» тасжолының Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ ауылына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.

Қарағанды облысында «Алматы-Екатеринбург» тасжолының Жұмабек ауылынан Балқаш қаласына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.


Соңғы жаңалықтар