Республикалық маңыздағы жолдардың 21 пайызы қанағаттанарлықсыз күйде - Үкімет отырысы
АСТАНА. 21 мамыр. ҚазАқпарат - Республикалық маңыздағы жолдардың 21 пайызы қанағаттанарлықсыз жағдайда.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.
«23,5 мың шақырымға созылған республикалық жүйедегі жолдардың 79 пайызы қанағаттанарлық жағдайда. Және 21 пайызы қанағаттанарлықсыз деңгейде»,-деді министр.
Сонымен қатар ведомство басшысы жергілікті маңыздағы жолдардың жағдайы біршама нашар екендігін атап өтті. Мәселен, бұл жолдардың 37 пайызы қанағаттанарлықсыз күйде екендігін, сондай-ақ 63 пайызы қанағаттанарлық деңгейде бағаланып отырғандығын жеткізді.