20:17, 03 Наурыз 2023 | GMT +5
Республикалық маңызы бар жолдардың 18 бөлігінде қозғалыс шектелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 3 наурыз сағат 19:00 ақпаратқа сәйкес еліміздің 9 өңірінде ауа-райының қолайсыздығына орай республикалық маңызы бар автожолдардың 18 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.
Бұл туралы ҚазАқпарат Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап хабарлайды.
Абай, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау және Павлодар өңірлерінде республикалық тасжолдар жабылды. Қысқы күтіп-ұстау жұмыстарына 400 арнайы техника мен 500 адам жұмылдырылды.
Жабық учаскелердің жалпы ұзындығы 1236 шақырымды құрайды. Бұл республикалық жолдар желісінің шамамен 5%-ы.
«Күн райы жақсарғанша алыс сапарға, жабық тасжол учаскелеріне шықпаңыздар. Ауа-райы болжамын мұқият қадағалауларыңызды сұраймыз! Штаттан тыс жағдай туындаса 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалу керек. Біздің байланыс орталығымыз тәулік бойы жұмыс істейді»,-делінген хабарламада.