Республикалық маңызы бар жолдардың 6 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жолдың көрінуі нашарлауына байланысты республикалық трассалардың 6 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды QazAvtoJol Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның Абай, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарындағы өңірлік филиалдары күшейтілген жұмыс режимге ауыстырылды.

Жоғарыда аталған өңір тұрғындарын алыс сапарға шықпауға шақырамыз. Ауа райы болжамы мен тасжолдардағы ахуал туралы хабарламаларды ескеру қажет.

Штаттан тыс жағдай туындаса 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалуға болады.

Абай облысында тіркемелі мен жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін «Омбы-Майқапшағай» (Қалбатау ауылынан Көкпекті ауылына дейін) және «Алматы-Өскемен» автожолдарында (Аягөз қаласынан Қалбатау ауылына дейін) қозғалыс шектелді.

Автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс төмендегі жол учаскелерінде шектелді:

1. «Өскемен-Семей» тасжолының Герасимовка ауылынан Семей қаласына дейінгі аралығы;

2. «Омбы-Майқапшағай«тасжолының Семей қаласынан Қалбатау ауылына дейінгі аралығы;

ШҚО-да тіркемелі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін республикалық маңызы бар»Алматы-Өскемен«автожолының Қалбатау ауылынан Қасым-Қайсенов ауылына дейінгі аралығында қозғалысқа шектеу енгізілді.

Жетісу облысында «Үшарал-Достық» күре жолының Көктұма бекетінен Достық бекетіне дейінгі аралығында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.


Соңғы жаңалықтар
telegram