Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы «Ең үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» республикалық байқауының жеңімпазы

    АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ Бастауыш кәсіподақ ұйымы (РНХҒО БКҰ)

Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы «Ең үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» республикалық байқауының жеңімпазы

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлерінің Ең үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы (БКҰ 100 адамнан жоғары тобында) Республикалық сынақ-байқауында Бас жүлдені иемденді.  

Байқау Астана қаласындағы 46 денсаулық сақтау мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының арасында «Күшті бастауыш - күшті Кәсіподақ» ұранымен өтті.

РНХҒО БКҰ 200 мың теңге сомасына сертификат алды. Сондай-ақ мекемеге ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысының және  ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының атынан алғыс жарияланды.

«Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы»АҚ (бұдан әрі-«РНХҒО»АҚ) ҚР Үкіметінің 19.03.2008 жылғы  № 268 қаулысына сәйкес «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» шаруа жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны («РНХҒО» РМК) ретінде құрылды.

«РНХҒО»АҚ Бастауыш кәсіподақ ұйымының құрылтай жиналысында Бастауыш кәсіподақ ұйымын құру туралы шешім қабылданды, Кәсіподақ комитетінің және Ревизиялық комиссияның мүшелері сайланды (06.05.2009 жылғы № 1 хаттама).

Қазіргі уақытта «РНХҒО» АҚ  693 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде Кәсіподақ ұйымының мүшелері - 668, бұл барлық қызметкерлердің 96,3% құрайды.