Республикалық ономастика комиссиясы елдегі атауларға мониторинг жүргізіп, арнайы жинақ шығарды

АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Өркениетті елдің мәдени деңгейін көрсететін, ғылымы мен білімін насихаттайтын атаулар - ұлттық жадының ұстыны.
None
None

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жөнінде баяндаған ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай осылай мәлім етті.

«Жер-су атауы ұрпақтан-ұрпаққа жететін мұра ғана емес, тарихи-танымдық мәні бар ұлттық салт-сана мен дәстүрдің жалғасы ретінде қызмет ететін ғылыми санат. Елдіктің нышаны, тұтастықтың бір құралы. Өркениетті елдің мәдени деңгейін көрсететін, ғылымы мен білімін насихаттайтын атаулар ұлттық жадының ұстыны. Олай болса, қабылданатын заңдар сол ұлы міндеттің, жауапты патриоттық істің үдесінен шығуға септігін тигізуі керек деп сенеміз», - дейді Дархан Мыңбай.

Сонымен қатар, талқылау барысында министр Республикалық ономастика комиссиясымен елдегі атауларға қатысты мониторинг жүргізілгенін, бұның нәтижесінде арнайы жинақтар шығарылғанын атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар