Республикалық сайлауға бақылау жөніндегі қоғамдық комиссия волонтерлерді жинайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасындағы сайлауға бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия (РСБҚК) волонтерлерді жинайды. Бұл туралы брифингіде Астанадағы РСБҚК филиалының төрайымы Тамара Лавриненко жариялады.
None
None

РСБҚК мүшелері Астана қаласындағы филиалдың жұмысы туралы әңгімеледі, соның ішінде сайлау учаскелерін әзірлеудегі волонтерлердің рөлі жөнінде айтты. Т.Лавриненконың айтуынша, байқаушы бұзушылықты ғана тіркеп отырмайды, оның алдын алумен жұмыс жасайды, сөйтіп, демократияны дамытуға көмектеседі.

«Сайлауға дейін біз оған әзірліктің ұйымдастырылуын бақылау үшін сайлау учаскелерінде боламыз, кемшіліктерді түзеуге көмектесеміз. Біз шетелдік байқаушылар біздің кемшіліктерімізді айтып береді, деп күтіп отырмаймыз», - деп мәлімдеді Т.Лавриненко.

Қазақстандық қоғам үшін осы маңызды істегі бүкіл міндеттер көлемін қамтамасыз ету үшін елорданың өзінде 250 волонтер қажет, алғашқы ондаған адам қазірдің өзінде Астана филиалындағы штабта тіркелді. Соның ішінде астаналық жоғары оқу орындарының заң факультеттерінің студенттері әлеуметтік топтың белсенді бөлігі болып шықты.

Еріктілер жинау жөніндегі хабарландыру басталғаннан бері бір күннің ішінде біз 25 волонтерге 2 нұсқау шарасын өткізіп, әдістемелік материалдарды тараттық. Волонтерлердің арасында студенттермен қатар, кәсіпкерлер, этномәдени үйлердің өкілдері, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, орта және зейнет жасындағы азаматтар бар», - деді Т.Лавриненко.

Сайлау кезінде РСБҚК волонтерлері арнайы белгі тағып жүреді, оны барлық сайлау учаскелерінің төрағалары біледі. 26 сәуірде волонтерлер штабтармен байланыс жасап, сайлау үдерісінің барысы туралы хабарлап тұрады. Адамдар неғұрлым саналылық танытса, солғұрлым сайлау ашық өтетін болады, деп санайды РСБҚК төрайымы.

РСБҚК штабының волонтерлерді тіркейтін және олармен нұсқау өткізетін мекенжайы: Астана қаласы, А.Иманов көшесі, 50 («Қайнар» бизнес орталығы), 5-қабат, 505-кабинет, телефон (8-7172) 37-31-90.

Соңғы жаңалықтар