Республикалық танк биатлонында ҚР үздік танк экипаждары анықталды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аягөз гарнизонының «Майлино» оқу орталығында ҚР ҚМ Құрлық әскерлері танк экипаждары арасында «Танк биатлоны» бойынша іріктеу жарысы өтті, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Оған «Оңтүстік», Шығыс», «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарынан және Аэроұтқыр әскерлерінің танк экипаждары қатысып, шеберліктерін көрсетті.

Әскери қызметшілер алдында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабының бастығы, генерал-полковник С.Жасұзақов аталған шараның маңыздылығына тоқталып, оның жеке құрамның жауынгерлік әзірлігін тексеруге және шілде-тамыз айларында Рессейде өтетін халықаралық жарысқа қатысатын ең үздік экипажды іріктеуге мүмкіндік жасайтындығын айтып, жарысқа қатысушыларға ақ жол тіледі.

Экипаждар жеке жарыста Т-72 танкісімен 12 шақырымдық күрделі маршрутты жүріп өтті. Жол бойына қойылған бөгеттер, өткелдер, танкілерге қарсы қойылған орлар мен шұқырлар, қорғандар, жарылғыш заттар сияқты кедергілер нағыз кәсіби жауынгерлі анықтайтын сынақ болды.

Жарыс қорытындысы бойынша «Батыс» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарының танк экипаждары үздік экипаждар болып танылды. Олар РФ Мәскеу облысындағы халықаралық жарысқа баратын болады. «Алабино» оқу орталығына ТМД елдерінің, АҚШ, ГФР, Израиль, Қытай, Бельгия танк экипаждары келмек.

Танк биатлоны - танк экипаждары арасында өтетін әскери-далалық жарыстың жаңа түрі болып саналады. Ол алғаш рет өткен жылы тамыз айында Ресей Федерациясында өтті. Жерлестеріміз бұл сынақта құрметті екінші орынды иемденіп қайтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар