Республикалық телеарналар Қазақстан Президенті туралы жаңа деректі фильмді көрсетеді (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - 3 шілде күні «КТК» және «Хабар» телеарналары Қазақстан Республикасының Президенті туралы - «Елбасы» атты жаңа деректі фильм көрсетеді. Тележүргізуші Ярослав Красиенко Инстаграм-дағы жеке парақшасында деректі фильмнен үзінділер жариялады.
None
None

Сұхбаттың бір эпизодында Президент 1986 жылдың желтоқсанында КСРО Коммунистік партиясының XXVI съезіндегі сөзіне қатысты оқиғаны айтып берген. 

Сұхбатының тағы бір үзіндісінен көріп отырғанымыздай, Н.Назарбаев қазақтың салт-дәстүрі мен исламның біте-қайнасқанын айтқан. «Қазақстанның мұсылмандық діни-нанымы - сабырлы әрі толерантты. Сүннит - байсалды дін, тіпті, зайырлы дін деуге болады. Біздің өз салт-дәстүріміз бар. Қазақтар ата-баба аруағына сыйынып жатады. Бірақ, Құран Кәрімде Аллаға ғана табыну туралы айтылған. Бірақ, біз жеті атамызды танып, солардың аруағына құран бағыштап жатамыз. Бұның ешқандай әбестігі жоқ деп ойлаймын», - деген Мемлекет басшысы. 

Жаңа деректі фильмде Мемлекет басшысы сондай-ақ халықтың ел басшылығына деген көзқарасы жайлы, қазақ халқының басшы болуды «жақсы көретіні» жайлы әңгіме қозғаған.  






Соңғы жаңалықтар