Республикалық телеарналардан ҚР Президентінің жетекші БАҚ өкілдерімен сұхбаты көрсетіледі
АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 21.30-да республикалық телеарналардан ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекші БАҚ өкілдерімен сұхбаты көрсетіледі.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Twitter-де хабарлады.
Әңгіме барысында Н.Назарбаев журналистердің сауалдарына жауап беріп, өткен жылдың қорытындылары мен еліміздің даму келешегі туралы айтты.