Республикалық ұланда алғаш рет «Қамал-2012» тактикалық жаттығуы өтті

Оны байқауға Президент Әкімшілігінің Басшысы Кәрім Мәсімов пен Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Марат Тәжин шақырылды.
Дағдарысты ахуалдардың әртүрлі шарттарында дербес құрамның іс-әрекеттерін пысықтау жаттығудың негізі болды. Мұндай жаттығу Республикалық ұланда алғашқы рет өткізіп отыр.
Жаттығу барысында дербес құрамның білімдері мен тәжірибелік машықтануы, сондай-ақ Республикалық ұлан бөлімшелерінің тиісті іс-қимылға деген дайындығы тексерілді.
Гвардияшылар қызметтік-жауынгерлік дайындық пен моральдық-психологиялық ерекшеліктердің жоғарғы деңгейін көрсетті. Негізінен алға қойылған мақсаттарға қол жеткізіліп, міндеттер орындалды.
Жаттығу аяқталғасын оған талдау жасалынды, оның қорытындысы бойынша нәтижелер шығарылып, ұсынымдар тұжырымдалды. Жалпы Республикалық ұлан қызметінің әскери қырларын күшейтудің, оны техникалық жарақтану деңгейін сапалы түрде арттырудың маңыздылығы атап көрсетілді.