Республикалық және аймақтық журналистер арасында үздік сот қызметтерін насихаттауға байқау жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Судьялар одағы, ҚР Журналистер одағы, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры сот қызметін үздік көрсеткен журналистік жұмыстарға конкурс жариялайды, деп хабарлайды ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметінен.
None
None

Байқаудың мақсаты - соттардың қызметі туралы азаматтардың ақпарат алу деңгейін көтеру, олардың тартысты оқиғаларды құқықтық әдіспен шешуге сенімін арттыру, судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аудару, судья лауазымына білікті кадрларды дайындау. Конкурс "республикалық баспасөз беттерінде сот қызметін үздік көрсету" және "аймақтық баспасөз беттерінде сот қызметін үздік көрсету" аталымдары бойынша республикалық және аймақтық басылымдар арасында бөлек өткізіледі. Конкурсқа қоғамда заңдылықты және тәртіпті нығайтудағы сот қызметі және оның рөлі, сот процестерінің тәрбиелік және алдын-алу, профилактикалық рөлі, моральдық-адамгершілік тақырыбындағы очерктер, сот тәуелсіздігін қамтамасыз ету, олардың мәртебесін нығайту мәселелері туралы, сондай-ақ қоғам игілігіне еңбек етіп жатқан жандардың мәртебелі еңбегін ашатын материалдар қабылданады. Конкурсқа ұсынылатын еңбектер 2014 жылғы 1 ақпаннан 2015 жылдың 20 наурызға дейінгі аралық қоса есептелген кезеңде баспасөз беттерінде жарияланған болуы тиіс. Жұмыстар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады. Республикалық конкурстың қорытындысын шығаруға республикалық қазылар алқасы құрылады, ал аймақтық БАҚ үшін облыстық қазылар алқасы құрылады, олардың құрамына сот қауымдастығының, Журналистер одағының және «Әділ сөз» қорының өкілдері кіреді. Байқау қорытындысы 2015 жылдың сәуір айында шығарылады. Республикалық және облыстық қазылар алқасы үш жүлделі орынды анықтап, жеңімпаздарды марапаттайды. Бірінші орынға - 250 мың теңге, екінші орынға - 150 мың теңге, үшінші орынға - 100 мың теңге көлемінде сыйақы белгіленді. Облыстық қазылар алқасы марапаттау мөлшері мен түрін өздері анықтайды. Республикалық және облыстық қазылар алқасы ақшалай сыйлықтардан бөлек, жеңімпаздарға басқа ынталандыру сыйларын белгілеуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар