Республикалық «Жас қанат» байқауына 16 жас орындаушы іріктеуден өтті
АСТАНА. 18 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада жас орындаушылардың республикалық «Жас қанат» байқауы басталды.
Байқау ұйымдастырушыларының айтуынша, осы жылы байқауға қатысуға өтініш бергендердің саны рекордтық көрсеткішке жеткен.
Қазіргі уақытта өнер додасына түсетін жас өнерпаздардың іріктеу туры аяқталды.
Оның нәтижесі бойынша 16 жас әнші іріктелініп алынды. Олардың қатарында Қамсызбай Құрмет (Павлодар), Бақытжан Орақаев (Орал), Айдын Әбдіжүсіпов (Аягөз), Нұрболат Абдуллин (Ақтөбе), Ақмаржан Байназарова (Қызылорда), Гүлнар Дамаева (Астана), Ибрагим Жантулин (Орал), Елдана Дүйсенова (Павлодар), Меруерт Желдібаева (Астана), Күлайым Қайырбаева (ШҚО), Айна Қалмағамбетова (Тараз), Нәзира Хибашова (Орал), Димаш Құдайберген (Ақтөбе), Әділхан Макин (Петропавл), Гүлсім Мырзабекова (Қарағанды) және «Кербез» дуэті (Семей).
Осымен жиырма бірінші рет өткізіліп отырған «Жас қанат» байқауының ұйымдастырушысы - «Азия дауысы» халықаралық фестиваль орталығы. Байқауға Астана қаласының әкімдігі мен «Хабар» агенттігі қолдау білдірді.