Республикалық жедел медициналық көмек көрсету ғылыми орталығында өткен жылы емдеудің 26 инновациялық әдісі енгізілді

АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Республикалық жедел медициналық көмек көрсету ғылыми орталығында 2011 жылы емдеудің 26 инновациялық жоғары технологиялық әдісі енгізілді,
None
None

деп хабарлады орталық директоры Ирина Пивоварова pm.kz сайтына.

«2011 жылы емдеудің 26 инновациялық жоғары технологиялық әдісі енгізілді. Бүгінгі таңда жілік миын трансплантациялаудың 9,  ал гемофилия науқастардың буындарын эндопротездеудің 75 отасы жасалды»,- деді ол.

И.Пивоварованың айтуынша, бұл әлем бойынша осындай операциялар жасайтын алтыншы орталық.

«Орталық базасында еліміздің өңірлік мамандарына арналған шеберлік сабақтары өткізілуде және біз игерілген тәжірибелерді облыстық және өңірлік ауруханаларға таратудамыз»,- деп түйіндеді өз сөзін И.Пивоварова.

Соңғы жаңалықтар