Республикалық жолдар жабылды - «Қазақавтожол» РМК
АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Аязға байланысты республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметі хабарлайды.
Атап айтқанда, сағат 17.00-дeн бастап ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Алматы облысындағы "Алматы-Өскемен" жолының 558-615 шақырымындағы "Рубеж бекеті- Шығыс Қазақстан облысы шекарасы" аралығында қоғамдық және дизель отынымен жүретін автокөліктің қозғалысына тыйым салынды.
Бұдан бөлек, Павлодар облысы бойынша барлық бағыттарда қоғамдық және дизель отынымен жүретін автокөліктер үшін жол жабылды.
Сонымен қатар аталған уақыттан бері Шығыс Қазақстан облысы бойынша барлық бағыттарда қоғамдық және дизель отынымен жүретін автокөліктің қозғалысына шектеу қойылды.