Республикалық жолдарда жүктемесі 8 тоннадан асатын көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Республикалық жолдарда жалқы білігіне жүктемесі 8 тоннадан асатын автокөлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Бұл шектеу биылғы жылғы 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды ауданы), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қолданылады. Осындай шектеу Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған ауданы), Қызылорда және Маңғыстау облыстарында 1 наурыз бен 1 сәуірге аралығында енгізіледі. Мысалға біліктер арасындағы қашықтық ұзындығы 1,3-1,8 см болғанда екі доңғалақты автокөлік құралының қосарланған біліктерінің шарықтау сомасы 13,2 тоннаны құрайды, ал үшеуі біріктірілген бір доңғалақты білікке 18 тоннаны құрайды (1 кестені қарау). ҚР ККМ Көлікті бақылау комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев «Мұндай шектеулер жолдарда жыл сайын енгізіліп тұратыны мәлім. Мұндай тәжірибе Қазақстанның ауа райына ұқсас елдерде қолданылады. Көктемдегі су тасқыны кезеңінде жол жамылғысының ылғалдануы себебінен автомобиль жолдары ауыр жүкті көлік құралының жүктемесі алдында қорғансыз және оларды қосымша қорғау қажет» деп атап өтті. Толық ақпаратты мына жерден ала аласыз.

Соңғы жаңалықтар