12:45, 01 Қазан 2010 | GMT +5
Республикамызда дәрігерлер тапшылығы күрделі мәселе күйінде қалып отыр - Г.Әбдіхалықова
АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Республикамызда дәрігерлер тапшылығы күрделі мәселе күйінде қалып отыр.
Бүгін Халықаралық қарттар күніне орай Астанада қарттарды мерекелерімен құттықтағанынан кейін журналистерге берген сұхбатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова айтты.
Оның айтуынша, медицина мамандарының жетіспеушілігі тек қарттар үйлерінде ғана емес, ауруханалар мен түрлі медициналық мекемелерде де орын алып отырған жәйт. «Сондықтан біз Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жұмыс істеуіміз керек. Біз алдағы уақытта бұл мәселенің шешеміз деп ойлаймын" деді министр.