Республикамызда «Сарыарқа» күйі бір мезгілде орындалады
АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - 2011 жылғы 16 ақпанда Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің үздік домбырашыларынан құралған ұлт-аспаптар оркестрі республикада бір мезгілде өтетін Құрманғазының «Сарыарқа» күйін орындайды,
деп хабарлайды аталмыш оқу орнының баспасөз орталығы.
-шараның мақсаты - еліміздің әлеуметтік-экономикалық салада жеткен жетістіктері мен саяси тұрақтылығы арқасында әлемдік қауымдастық мойындаған беделін және Сарыарқаның төріндегі Астанамыздың мерейін асқақтату, жастардың бойына патриоттық рухты сіңіру.
Бір мезгілде орындалатын «Сарыарқа» күйін республика бойынша 2020 адам орындаса, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен 30-ға жуық өнерпаз қатысады.