Республикамызда тұмау мен дем алу вирустық инфекциялармен ауыруға байланысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты - Денсаулық сақтау министрлігі

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемологиялық қадағалау комитеті хабарлап отырғандай, республикамызда тұмау мен дем алу вирустық инфекциялармен ауыруға байланысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Республикамызда тұмау мен дем алу вирустық инфекциялармен ауыруға байланысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты - Денсаулық сақтау министрлігі

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тұмау мен дем алу вирустық инфекциялармен ауыратындардың саны 1,4 есе азайып отыр (559 889 оқиға, оның ішінде тұмау - 240).

Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 15 қыркүйектегі бұйрығына сәйкес тұмаумен ауыратындардың материалдарына зертханалық анықтау жүргізу Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың санитарлық-эпидемиологиялық зерттеу орталықтарына жүктелген. Материалды қорытынды тексеруден өткізу «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-тәжірибелік орталығы» РМКК Ұлттық референс-зертханасына жүктеліпті.

Астанадан Н1N1 тұмауы бар деген күдікпен жіберілген 11 сынау материалы (2010 жылы 9, 2011 жылы 2 факті) расталған жоқ. Комитет тарапынан республикамызда тұрғындар арасында тұмау мен өткір дем алу инфекцияларының алдын алуға бағытталған жоспарлы кешенді шаралар жалғасуда.