Республикамыздағы су қоймаларының 20 пайызының тозығы жеткен - сенатор Қ. Айтаханов

АСТАНА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Республика бойынша су қоймаларының 20 пайызының тозығы жеткен. Бүгін ҚР Парламенті Сенатында «Сауармалы егін шаруашылығы мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру және Қазақстанда суармалы жерлерді тиімді пайдаланудың жолдары» атты тақырыпта өткен жиында сенатор Қуаныш Айтаханов осылай мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сенатордың сөзіне қарағанда, қазіргі таңда республикадағы су қоймаларының - 20 пайызы, су тораптарының - 38 пайызы, каналдардың - 46 пайызының тозығы жеткен. Сонымен қатар, тек су қоймаларын ғана күрделі жөндеуге шамамен 17 млрд. теңге көлемінде қаржы қажет етіледі екен. Ал қазіргі күні жыл сайын бөлініп отырған бюджет қаржысының мөлшері 1 млрд. теңгеге де жетпейтін көрінеді. Яғни, бұл қаражат қажеттіліктің 4 пайызын ғана құрап отыр, деген сөз.

«Қорыта айтатын болсақ, Үкімет ағымдағы жылы қалпына келтіруді, күрделі жөндеуді кезек күттірмей керек ететін су қоймалары мен гидротехникалық ғимараттардың, каналдардың тізімін бекітіп, оған алдағы жылы республикалық бюджеттен тиісті қаржыны бөлуі керек. Бұндай шаралар облыстар мен аудандарда жедел атқарылғаны жөн. Кешегі Қызылағаш, Самарадағы орын алған жағдайлардан қорытынды шығаруға тиіспіз», деді Қ. Айтаханов.

Соңғы жаңалықтар