Республикамыздың басым аумағында суық ауа райы сақталады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде 21 мамыр күні ауа райы құбылмалы болады, кейбір аймақтарда жауын-шашын болып, тұман түседі, жел күшейеді. Ал еліміздің солтүстік аймағында түнде суық ауа райы сақталады. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Республикамыздың басым аумағында суық ауа райы сақталады - Қазгидромет

Тек батыс пен оңтүстік-батыс аймақтарда ауа райы жауын-шашынсыз болып келеді. Ақмола, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, таңертең және күндіз Маңғыстау облыстарында желдің күші 15-20 м/с-қа дейін барады.

Жамбыл облысында желдің күші 18-23 м/с болып, шаңды дауыл соғады.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында суық ауа райы сақталып, түнде 0-5 градусқа дейін төмендейді.