Республиканың 4 облысында жол учаскелері жабылды

АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Боран салдарынан бірқатар жолдарда көлік қозғалысы бөгелді. Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Ақмола облысы бойынша қолайсыз ауа райына (қар, боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін бүгін мына жолдарда қозғалысқа шектеу қойылды:

"Астана-Коргалжын" жолының 19-124 шақырымы аралығы;

"Астана-Петропавл" жолының 18-74 шақырымы (Астана қаласынан Шортанды бағыты бойынша сол жол қозғалысы); 200-18 шақырымы (Макинсктен Астана қаласы бағытына қарай оң жақ жол қозғалысы) аралығы;

"Екатеринбург-Алматы" жолының 1280-1353 шақырымы арасындағы Астана қ-Қарағанды обл.шекарасы аралығы;

"Астана-Ерейментау-Шідерті жолының 16-205 шақырымындағы Астана қ-Павлодар обл.шекара аралығы.

Қарағанды облысы аумағында автокөліктің барлық түрлері үшін бүгін мына жолдар жабылды:

"Екатеринбург-Алматы" жолының 1492-1610 шақырымындағы Қарағанды қ.-Ақсу Аюлы аралығы;

"Қызылорда-Павлодар" жолының 433-905 шақырымындағы Жезқазған-Топар аралығы;

"Екатеринбург-Алматы" жолының 1425-1364 шақырымындағы Теміртау-Осакаровка аралығы;

"Қызылорда-Павлодар" жолының 970-1066 шақырымындағы Қарағанды қ.-Молодежный аралығы.

Павлодар облысы қолайсыз ауа райына (боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты бүгін сағат 18.00-ден бастап "Астана-Ерейментау-Шідерті" а/ж 205-259 шақырымы, Ақмола обл.шекара- Шидерті аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Шығыс Қазақстан облысынадағы қолайсыз ауа райына (қар көшкіні жүруінің қауіпіне) байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін бүгін сағат 18.00-ден бастап "Өскемен-Зыряновск-Рахман қайнарлары" жолының 7-164 шақырымындағы Ушановский-Зыряновск аралығында қозғалысқа шектеу қойылды.

Соңғы жаңалықтар