Республиканың 4 облысында жол жабық
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты республиканың 4 облысында жол қозғалысына енгізілген шектеу сақталады. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлады.
Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қатты бұрқасын, шектеулі көрініс) (856-917 км, «Екатеринбург - Алматы» а/ж СҚО-Жақсы к. шекарасында), «Жақсы-Есіл-Бұзылық» (0-82 км), «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» (232-260 км),«Жезқазған-Петропавл» (Жақсы-Есіл-Сұрған 536-552 км) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды,
Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, көрінбеу) республикалық а/ж учаскелерінде: "Ақтөбе-Орск" (19-135 шқ., Ш.Қалдыаяқов п.-РФ шек.); «Қарабұтақ-Комсомол» (0-234 км, Белогорка- Қостанай обл.); «Северный обход» (0-39 км), «Ақтөбе-Орск» 39-72 км (Ш. Қалдаяқов - Қосістек ауылы) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды; облыстық маңызы бар: «Дөң-Бадамша» (17-76 км); «Ақтөбе-Родниковка-Мәртөк» (10-74 км); «Петропавловка-Хазретовка» (0-36 км); "Ақтөбе-Балгарка-Шұбарқұдық" (17-193 км) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.
Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінбеуі) республикалық жол учаскесінде: Ұзынкөл-Сарыкөль (0-79 км); «Сарыкөл-Большие Дубровы (0-56 км), «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» 108-232 км (Әулиекөл - Челгаши - Ақмола облысы шекарасына дейін), «(Алматы - Екатеринбург) РФ шекарасына дейін» 686-729 км (Сарыкөл- СҚО шекарасына дейің), «Мамлютка-Қостанай» 180-249 км (Ұзынкөл. а - Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін) және облыстық жол барлық автокөліктердің түріне жабылды а/ж «Әулиекөл-Жалдама» (0-257 км); «Рудный-Качар-Федоровка» (0-82 км); «Красная Пресня- Звериноголовск» (0-56 км) барлық автокөліктердің түріне жабылды
Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран) барлық бағытқа автокөліктер түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.