Республиканың әр өңірінде орын алған өрттен 4 адам қаза тауып, 3 азамат ауруханаға жеткізілді - ТЖМ

АСТАНА. Желтоқсанның 26-сы. ҚазАқпарат - Республиканың әр өңірінде орын алған өрттен 4 адам қаза тауып, 3 азамат ауруханаға жеткізілген.
None
None

Бұл ақпаратты ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі таратып отыр.

Атап айтқанда, елорданың «Журавушка» бақшалық қоғамында шыққан өртті сөндіру барысында бір әйелдің денесі табылып, 3 азамат ауруханаға жеткізілген. Тілсіз жау қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамдағы 10 маманы мен 2 техникасының күшімен ауыздықталған.

Ал, Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты Ақшатау ауылында жеке тұрғын үйдің 40 шаршы метр аумағын қамтыған қызыл жалынды сөндіру барысында екі адамның мәйіті табылған. Сонымен қатар осы облыстың Нұра ауданына қарасты Киевка ауылында да жеке тұрғын үй өрт құшағына оранған. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамдағы 3 маманы мен 1 техникасының күшімен ауыздықталған өрттен 41 жастағы азаматтың денесі табылды.

Соңғы жаңалықтар