Республиканың басым аумағында күшті аяз сақталады және жел күшейеді
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Сібір антициклоны Қазақстан ауа райына өз әсерін сақтайды, тек республиканың батысы мен оңтүстіктегі шеткері аудандарының кей жерлерінде ғана жауын-шашын әкелетін аралас ауа ағындары күтілуде,
деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидромет мәліметтеріне сілтеме жасап.
Алматы облысының солтүстік шығысында 33 градусқа дейін күшті аяз сақталады, ал Жалаңашкөл ауданында желдің күші секундына 18-23 метрге дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 45 градусқа дейін күшті аяз сақталады, тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар облыстарының кей жерлерін тұман басатындығы болжануда.
Қызылорда, Батыс Қазақстан, түнде Атырау, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді деп күтілуде. Сондай-ақ Қызылорда болысының жекелеген аудандарында шаң борайды.