Республиканың басым аумағында жаңбыр жауады, елдің батысында ғана күн райы жауын-шашынсыз болады - 2 тамызға арналған ауа райы болжамы

Тек республиканың батысында ғана күн райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлады Қазгидрометке сілтеме жасай отырып ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
Алматы, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-22 м/с-қа дейін жетеді деп күтілуде.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз бұршақ жауады, Солтүстік Қазақстан облысында таңертең және түнде тұман болады.
Қостанай облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді, таңертең және түнде тұман болады.
Шығыс Қазақстан облысында 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғып, құмды дауыл болады.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде және Маңғыстау облысында күн қатты ысиды деп күтілуде.
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.
Алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің ауытқушылығы байқалады.