Республиканың басым аумағында жауын-шашын, қарлы бұрқасын, екпінді жел болады деп күтілуде - 26 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым аумағы оңтүстік циклонның және оған байланысты фронтальді ағымдардың ықпалында болады, соған сәйкес ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауып (солтүстік өңірлерде қар), қарлы бұрқасын, екпінді жел көтеріледі, жекелеген аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болады.

Республиканың басым аумағында жауын-шашын, қарлы бұрқасын, екпінді жел болады деп күтілуде - 26 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасай отырып ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды.

Тек еліміздің оңтүстігінде ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

Ақмола облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, оның екпіні кей жерлерде боранмен аралас 25 м/с-қа дейін жетеді. Павлодар облысында қар аралас 17-22 м/с жылдамдықпен күшті жел соғады, жекелеген жерлерде көктайғақ орнайды.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қарлы бұрқасын болады, тұман түсіп, түнде республиканың басым аумағында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде желдің екпіні 25 м/с-ты құрайды, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде қарлы бұрқасын, көктайғақ болады, 17-23 м/с жылдамдықпен жел соғады, Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің екпіні 26 м/с-ты құрайды.

Қостанай, түнде Ақтөбе облыстарында жекелеген жерлерде тұман түседі, көктайғақ болып, қарлы бұрқасын аралас 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Атырау облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде қар аралас желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қак дейін үдейді.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Жамбыл облысында желдің екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.

Алматы облысындағы Жалаңашкөл ауданында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі.

Алдағы үш тәулікте республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы өзендерде су деңгейінің ауытқушылығы байқалады.