Республиканың басым аумағында жауын-шашын жауып, найзағай ойнайды, солтүстік пен шығыста ауа температурасы төмендейді - 17 мамырға арналған ауа райы болжамы

жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді, республиканың солтүстігі мен шығысында ауа температурасы төмендейді деп күтілуде.
Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Шығыс Қазақстан, түнде Ақтөбе және күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с-қа дейін жел күшейеді. Атырау облысының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, құмды дауыл болады. Алматы облысының кей жерлерінде 15-20 м/с-қа дейін жел күшейіп, тұман болады, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік Қазақстанның кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде және күндіз тұман болады деп күтілуде.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстанның жекелеген жерлерінде 0-3 градусқа дейін түнгі үскірік болуы ықтимал. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысының кей жерлерінде өрттің жоғары қаупі сақталады деп күтілуде.
17-20 мамырда түнде Астана қаласында, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстырында 0-3 градусқа дейін үскірік болады.