21:06, 28 Мамыр 2013 | GMT +5
Республиканың басым бөлігінде 29 мамыр күні жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде.
АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде, солтүстікте түнде кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Республиканың батысы және шығысында ғана атмосфералық ағындар ықпалымен ауа райы тұрақсыз сипат алады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, жел күшейеді, кей жерлерде шаң көтеріліп, дауыл тұрады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында түнде кей жерлерде түман түсуі мүмкін, Қостанай облысында кей жерлерде 18 м/с жел тұрады.
Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жел күшейеді, Батыс Қазақстан облысында шаң көтеріліп, дауыл тұрады.
Республиканың батысы мен оңтүстігінде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.