19:08, 30 Мамыр 2013 | GMT +5
Республиканың басым бөлігінде 31 мамыр күні жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде, кей жерлерде жел күшейеді
АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Республиканың батысында және солтүстік-батысында атмосфералық ағындардың өтуімен кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, жел күшейеді, батыста - шаң көтеріліп, дауыл тұрады. Қалған аумақта жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде, кей жерлерде жел күшейеді.

Бұл туралы Казгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ хабарлайды.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады деп күтілуде, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында шаң көтеріліп, дауыл тұрады.
Республиканың батысында, оңтүстігінде және орталығында кей жерлерде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.