Республиканың басым бөлігінде күн ашық болады - 20 сәуірге ауа райы болжамы

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Республиканың басым бөлігі жауын-шашынсыз әрі күн ашық болады. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Қазгидромет мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлады.
None
None

Тек еліміздің солтүстік, орталық және шығыс аудандары ауа ағындарының ықпалында болып, кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді және тұман басуы байқалады.

Қостанай мен Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз жел жылдамдығы метріне 15-20 метрге жетсе, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерін тұман басатындығы күтілуде.

Сондай-ақ алдағы үш күн ішінде Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы өздендердің су деңгейі ауытқуы ықтимал. Ал Павлодар облысы шегінде Ертіс өзені Шүлбі су қоймасынан судың мол түсуінен деңгейі көтерілуі жалғасады.

Соңғы жаңалықтар