Республиканың басым бөлігінде күн райы ашық болады - 5 наурызға ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республика аумағының басым бөлігі бұрынғыша антициклон ықпалында болуымен байланысты күн райы ашық болады, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және батысында ғана атмосфералық ағындардың өтуімен шамалы жауын-шашын болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, деп хабарлады ҚР ІІМ Төенше жағдайлар комитеті «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 18-23 м/с-қа, ұйтқуы 28 м/с-қа дейін күшейеді.
Таяудағы тәуліктерде Сырдария өзенінде мұз қабатының әлсіреуі, су деңгейінің құбылуы жалғасады. Республиканың оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерде су деңгейі құбылады.