Республиканың басым бөлігінде күн жылынады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 21-22 қыркүйектегі ауа райының болжамын ұсынады.

Республиканың басым бөлігінде күн жылынады - Қазгидромет

«Қазақстанның көптеген бөлігіндегі ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек республиканың солтүстігінде 15-20 м/с дейін желдің күшеюімен жаңбыр түрінде жауын-шашын өтеді. Түнде еліміздің оңтүстік бөлігінде топырақ бетінде 3 градусқа дейін үсік өтеді, күндіз температура +12...+20 оС-тан +18...+27 оС-қа дейін көтеріледі. Республиканың қалған аумағында күндіз ауа біртіндеп жылынады, осылайша батыста +13...+21 оС-тан +17...+26 оС-қа дейін, солтүстікте және орталықта +7...+15 оС-тан +10...+20 оС-қа дейін, шығыста +5...+15 оС-тан +10...+20 оС-қа дейін жылынады»,- деп жазылған хабарлмада.