Республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, кей жерлерде көктайғақ болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Елдің кей жерлерінде жауын жауады, тек республиканың шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде жел күшейеді, бұрқасын болады, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Республиканың басым бөлігінде тұман сақталады.

Республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, кей жерлерде көктайғақ болады

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с-ға жетеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы 30 м/с-ға дейін күшейеді. Жамбыл, Қызылорда облыстарында көктайғақ күтіледі.

Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, түнде Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, түнде Атырау, Павлодар  облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Атырау облысында көктайғақ болады.

Қостанай,  Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман,  бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.