Республиканың басым бөлігінде жел күшейеді, Атырау облысында құмды дауыл болады - 25 шілдеге арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. 24 шілде. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым аумағында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, жел күшейеді.
Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасай отырып ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының жекелеген жерлердіне 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Атырау облысында кей жерлерде құмды дауыл болады, 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады, желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді деп күтілуде.
Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе, кей жерлерде Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында күннің қатты ысуы сақталады.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Жамбыл, сондай-ақ Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазастан облыстарының жекелеген жерлерінде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.