Республиканың басым бөлігінде жел күшейеді - Қазгидромет
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республиканың батыс және оңтүстік бөлігі 10 наурыз күні антициклонның ықпалында болады, бұл жерлерде ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Еліміздің қалған аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұрқасындатып, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с-қа дейін барады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с жел соғады. Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында тұман түседі, Атырау облысының кей жерлерінде күндіз соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін барады. Жамбыл облысының бірқатар жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар облыстарында бұрқасын болып, екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.