Республиканың батыс, оңтүстік-шығыс және шығысында ыстық ауа райы сақталады
АСТАНА. 20 шілде. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым аумағында 21 шілдеде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, жел күшейеді, деп хабарлады Қазгидромет.
Республиканың батыс, оңтүстік-шығыс және шығысында күн райы қатты ысиды деп күтілуде.
Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Павлодар, сондай-ақ Батыс Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде қатты ыстықтар сақталады.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, сондай-ақ Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.
Алдағы 3 тәулікте республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің ауытқушылығы байқалады.