Республиканың батысында күн райы ашық, жауын-шашынсыз болады - 19 қазанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанның орталық, солтүстік және шығыс өңірлері әлі де атмосфералық ағымдардың ықпалында қалады, соған байланысты кей жерлерде жауын-шашын жауып, екпінді жел соғады деп күтілуде. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасай отырып ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында таңертең және түнде кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жылдамдықпен екпінді жел соғады.

Алдағы тәулікте республиканың таулы өзендерінде су деңгейінің ауытқушылығы байқалады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум