Республиканың батысында нөсерлі жаңбыр жауып, найзағай ойнайды - 3 тамызға арналған ауа райы болжамы

республиканың шығыс бөлігінде жекелеген жерлерде нөсерлі жаңбыр жауып, найғазай ойнап, жел күшейеді, түнгі уақытта тұман болады, деп хабарлады Қазгидрометке сілтеме жасай отырып ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
Республиканың батысы мен солтүстік-батысында және оңтүстік бөлігінде күн райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.
Ақмола, Павлодар, Қарағанды, күндіз Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында таңертең және түнде тұман басады.
Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-22 м/с-қа дейін жетеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында күндіз күн қатты ысиды деп күтілуде.
Атырау, кей жерлерде Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.
Алдағы тәуліктерде Алматы облыстарының таулы өзендерінде ықтимал нөсерлі жаңбырдың салдарынан су тасқыны болуы мүмкін. Батыс Алтайдың өзендерінде жаңбырдың жаууына байланысты су деңгейінің артуы байқалады.