Республиканың батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күшті жел соғады деп күтілуде - Қазгидромет

АСТАНА. 17 шілде. ҚазАқпарат - 18,19,20 шілдеде Қызылорда облысында күн +35+40 градусқа дейін қатты ысиды, кей жерлерде +45 градусқа дейін аптап ыстық болады деп күтілуде, деп ескертеді «Қазгидромет» РМК.

Республиканың батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күшті жел соғады деп күтілуде  - Қазгидромет

Бұған дейін хабарланғандай, 16-18 шілде аралығында күндіз Ақмола облысында +34+39 градусқа дейінгі ыстықтар сақталады. 18 шілдеде күндіз Қостанай облысында ауа бағамы +34+39 градусты көрсетеді, жекелеген жерлерде күн +42 градусқа дейін ысиды.

Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады, ертең ауа райы жауын-шашынсыз ыстық болады, тек республиканың батысында кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел тұрады. Сондай-ақ құмды дауыл тұрып, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.

Атырау, Ақтөбе, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарының жекелеген аумақтарында 15-20 м/с-қа дейін жел соғады. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді, құмды дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облысының кей жерлерінде күннің қатты ысуы сақталады. Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында кей жерлерде сынап бағанасы жоғары температураны көрсетеді.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей өңірлерінде төтенше жоғары өрт қаупі сақталды.

Алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің ауытқуы байқалады.