Республиканың бес облысында түн салқындайды - 6 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстанның көптеген бөлігінде антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Республиканың бес облысында түн салқындайды - 6 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Республиканың батысында атмосфералық бөліктердің өтуімен бірге ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, найзағайлы жаңбыр жауып, жел күшейеді. 

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, күндіз Ақмола, Жамбыл облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кейбір жерлерде тұман түседі. 

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде кейбір жерлерде ауа температурасы -2 градусқа дейін салқындайды. 

Республиканың оңтүстігінде, батысының кейбір жерлерінде төтенше жоғары өрт қауіптілігі сақталады.