Республиканың бірқатар аймағында өткінші жауын жауады, күн күркіреп, жел күшейеді

ТАНА. 19 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстанның солтүстік және оңтүстік аудандары, сондай-ақ орталық бөлігі атмосфералық ағындардың ықпалында болып,

Республиканың бірқатар аймағында өткінші жауын жауады, күн күркіреп, жел күшейеді

кейбір жерлерде өткінші жауын жауады, күн күркіреп, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасай отырып ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында, күндіз Қостанай, Алматы облыстарында секундына 15-20 метр жылдамдықта жел соғады, Алматы облысында шаңды дауыл көтеріледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде тұман түседі.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында күн қатты ысып, кей жерлерде аптап ыстық болады.

Алматы, Маңғыстау облыстарында, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күн қатты ысиды.

Елдің батысы ме оңтүстігінде өрт болу қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Таяудағы тәулікте Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының тау өзендерінде су деңгейінің ауытқуы байқалады. Ал еліміздің қалған су нысандарында айтарлықтай өзгерістер байқалмайды.