Республиканың бірқатар аймақтарында ауа-райының қолайсыздығына байланысты автокөлік қозғалысына шектеу қойылды

АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Республиканың 4 облысында ауа-райының қолайсыздығына байланысты автокөлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінен.

Республиканың бірқатар аймақтарында ауа-райының қолайсыздығына байланысты автокөлік қозғалысына шектеу қойылды

Ақмола облысында қолайсыз ауа райына (қар, боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты :

27 ақпан сағат 16.45-тен бастап "Астана-Петропавл" а/ж 18-232 шақырымы, Астана қ. - Щучинск қ. аралығы;

Кеше сағат 16.00-ден бастап "Макинск-Ақсу-Торғай" а/ж 0-120, 125-240 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Ақтөбе облысында "Қарабұтақ-Комсомольск" а/ж 89-231 шақырымы, Комсомольк а.-Қостанай обл.шекара аралығында жол қозғалысына шектеу алынды.

Қостанай облысында қолайсыз ауа райына (қар, боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты:

Бүгін сағат 11.00-ден бастап "Қарабұтақ-Қостанай" а/ж 231-503 шақырымы, Ақтөбе обл.шекара-Рудный қ. аралығы;

Бүгін сағат 11.00-ден бастап "Денисовка-Жітіқара-Мүктікөл-РФ шекара" а/ж 0-50, 82-164 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Павлодар облысында "Астана-Ерейментау-Шідерті" а/ж 205-259 шақырымы, Ақмола обл.шекара-Шидерті аралығында жол қозғалысна шектеу алынды.

Солтүстік Қазақстан облысында бүгін сағат 11.45-тен бастап қолайсыз ауа райына (қар, боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты облыс бойынша барлық бағытта автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Шығыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына (қар, боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты:

Кеше сағат 17.30-дан бастап "Алматы-Өскемен" а/ж 977-1075 шақырымы, Қалбатау-Қ.Қайсенов а. аралығы;

Кеше сағат 17.30-дан бастап "Семей-РФ.шекара" а/ж 2-113 шақырымы аралығы;

Кеше сағат 17.30-дан бастап "Семей-Қайнар" а/ж 0-284 шақырымы аралығында;

Кеше сағат 18.00-ден бастап "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" а/ж 707-900 шақырымы,Аягөз-Ақсуат аралығы;

Бүгін сағат 04.40-тан бастап "Өскемен-Шемонайха-РФ шекара" а/ж 105-123 шақырымы, Шемонайха -РФ шекара аралығы;

Бүгін сағат 08.30-дан бастап "Өскемен-Риддер-РФ шекара" а/ж 105-191 шақырымы, Белоусовка-Риддер аралығы;

Бүгін сағат 11.40-тан бастап "Омбы-Майқапшағай" а/ж 910-1087 шақырымы Қалбатау-Бұғаз аралығында.

Бүгін сағат 12.10-нан бастап "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" а/ж 320-704 шақырымы Қарағанды обл.шекара-Аягөз аралығында;

Бүгін сағат 18.30-дан бастап "Өскемен-Семей" а/ж 9-198 шақырымы Герасимовка-Семей аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты.

«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.