Республиканың бірқатар аймақтарында жел күшейеді деп күтілуде - 16 шілдеге арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 15 шілде. ҚазАқпарат - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыздығы сақталады.

Республиканың бірқатар аймақтарында жел күшейеді деп күтілуде - 16 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, бұршақ жауып, ұйытқыған жел соғуы мүмкін, тек республиканың батысында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде.

Ақмола, Қостанай облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді деп күтілуде, түнде кей жерлерде тұман түседі.

Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді деп күтілуде, бұршақ жаууы мүмкін. Алматы, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді деп күтілуде.

Атырау облысында, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады деп күтілуде.

Республиканың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығының кей жерлерінде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.

Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысы өзендерінің көпшілігінде су деңгейінің тұрақсыздығы байқалады. Қазақстанның жазық аумағының өзендерінде гидрологиялық тәртіпте айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.