Республиканың бірқатар облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды
АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Ауа-райының қолайсыздығына байланысты республиканың 3 облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінен.
Ақмола облысында қолайсыз ауа райына (қар, боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты:
бүгін сағат 18.15-тен бастап "Екатеринбург-Алматы" а/ж 1280-1353 шақырымы, Астана қ-Қарағанды обл. шекара аралығы;
бүгін сағат 18.15-тен бастап «Астана-Ерейментау-Шідерті» 16-205 шақырымы, Астана қ. -Павлодар обл. шекара аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.
Павлодар облысында Ақмола облысындағы қолайсыз ауа райына (қар, боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты бүгін сағат 18.15-тен бастап "Астана-Ерейментау-Шідерті" а/ж 205-259 шақырымы, Шідерті-Ақмола обл.шекара аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.
Шығыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына (қар, боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты 01.03.2013 ж. сағат 08.30-дан бастап "Өскемен-Риддер-РФ шекара" а/ж 105-191 шақырымы, Риддер-РФ шекара аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.
Қолайсыз ауа райына (қар көшкіні жүрінің қауіпіне) байланысты бүгін сағат 19.15-тен бастап "Өскемен-Зырян-Рахман қайнарлары" а/ж 7-164 шақырымы, Ушановский-Зырян аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.
Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты.
«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.