Республиканың екі облысында жол қозғалысы ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола және Солтүстік Қазақстан облысында көлік қозғалысына қойылған шектеу алынды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ комитетінен хабарлады.

Республиканың екі облысында жол қозғалысы ашылды

Ал төрт облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар әлі жабық.

Шығыс Қазақстан облысында 5 ақпан сағат 08-00-ден ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, боран, көрінбеу) "Өскемен-Шемонаиха-РФ шек." (54-123 км, Первомайка-РФ шек.) а/ж барлық бағыттарындағы жол жабық.

Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, боран, көрінбеу) "Үшарал-Достық" (82-184 ш., Көктұма а. - Достық а.) а/ж учаскесінде барлық бағыттарда барлық автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.

Қарағанды облысында 4 ақпан сағат 16-00-ден ауа райының нашарлауына байланысты (боран) а/ж учаскелер: «Жезқазған-Петропавловск» (60-240 ш., к. Жезді-Қостанай обл. шекарасына дейін); «Алматы-Екатеринбург» (1051-1142 ш., Теміртау қ.-Ақмола обл. шекарасына дейін); «Қызылорда - Павлодар»(974-1066 ш., Қарағанды қ.-Молодежный к.) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

05.02. сағ. 05-15 ауа райының нашарлауына байланысты (боран) "Алматы-Екатеринбург" а/ж (885-1007 ш., Ақсу-Аюлы к.-Қарағанды қ.) барлык автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

Қостанай облысында "Жезқазған-Петропавловск" (252-377 шм. Қарағанды обл. шекарасы-Арқалық қ. Ақмола обл. шекарасына дейін) барлық автокөліктердің түріне жабылды.