Республиканың кей жерлерінде күн күркіреп, жауын жауады, бұршақ түседі, жел күшейеді - 12 шілдедегі ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Республиканың басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, кей жерлерде жауын жауады, солтүстікте жаңбыр, кей жерлерде нөсер жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Кей жерлерде күн күркіреп, жел күшейеді.

Республиканың кей жерлерінде күн күркіреп, жауын жауады, бұршақ түседі, жел күшейеді - 12 шілдедегі ауа райы болжамы

Республиканың оңтүстігі мен батысында күн ашық болады, кей жерлерде шаңды дауыл тұрады, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-22 м/с-қа жетеді, Қызылорда және Атырау облыстарында шаңды дауыл көтеріледі. Күндіз Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысының кей жерлерінде, солтүстік-батысында және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Таяудағы тәуліктерде республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы тау өзендерінде су бетінің құбылуы байқалады. Іле өзенінде Қапшағай су қоймасына келетін ағын көлемінде елеулі өзгеріс болмайды.