Республиканың кей жерлерінде күн күркіреп, жауын жауады, бұршақ түседі, жел күшейеді - 13 шілдедегі ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республиканың басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, кей жерлерде жауын жауады, солтүстікте кей жерлерде нөсер жауын болады. Кей жерлерде күн күркіреп, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Республиканың оңтүстігі мен батысында күн ашық болады, кей жерлерде шаңды дауыл тұрады, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Ақмола облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа, ұйтқуы 25 м/с-қа жетеді, бұршақ жауып, түнде және күндіз тұман түседі. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, күн күркірейді, бұршақ жаууы ықтимал. Қостанай облысында түнде кей жерлерде жел тұрып, күндіз ұйтқуы 15-20 м/с-қа жетеді, күн күркірейді, тұман түседі. Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Жамбыл облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді, күн күркірейді. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе олыстарында, түнде Атырау облысында, күндіз Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл көтеріледі.